04.11.2024, 09:10
Жаңалықтар
Еліміздің екі қаласында метеожағдайларға байланысты ескерту жасалды
«Қазгидромет» болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 4 қараша күні еліміздің екі қаласында қолайсыз метеожағдайлар болуы мүмкін екені туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 4 қарашада Алматы, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр», - деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты