Билік мәселені шешу үшін Үндістанмен келіссөздер жүргізу қажеттігін алға тартты
Пәкістанның Лахор қаласында ауаның ластануы ең жоғары деңгейге жетіп, билік төтенше шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Жексенбі күні қаланың ауасы әлемдегі ең лас қала ретінде тіркеліп, билік бастапқы мектептерді бір аптаға жабу туралы шешім шығарды. Ата-аналарға балаларға бетперде тағуды қадағалау ұсынылды.
Пенджаб провинциясының аға министрі Марриум Аурангзеб азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді және ауруханаларда ауаның ластануын өлшейтін құралдар орнатылғанын мәлімдеді. Ластануды азайту мақсатында кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, ал кейбір аудандарда құрылыс жұмыстары тоқтатылды.
Аурангзеб бұл жағдайды «күтпеген оқиға» деп атап, ауаның нашарлауы көрші Үндістаннан келетін ластанулардың әсерінен екенін айтты. Ол мәселені шешу үшін Үндістанмен келіссөздер жүргізу қажеттігін алға тартты.