Түркістан облысында жол ережесін бұзып, кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының патрульдік полициясы Алматы-Ташкент-Термез тас жолында бірнеше көліктің «кортеж» ретінде қозғалғаны бейнеленген видеоға назар аударды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері видеодан жол қозғалысына кедергі келтірген құқықбұзушыларды анықтады. Нәтижесінде, Сайрам ауданының тұрғындары мінген екі Mercedes-Benz көлігі анықталып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Жол ережесін бұзып, апатты жағдай тудырғандары үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта видеода бейнеленген басқа жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.