Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде

Фото: istockphoto.com

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция инспекторлары Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы аумағының тұсында қызмет атқару барысында жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі бірнеше бөліктерге бөлініп, салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қортындысына сәйкес анықталған зат салмағы 1,8 кг. кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 57 жастағы облыс тұрғыны сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына 2 ай мерзімге оқшауландырылды.