Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпін алады, көктайғақ болады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің батысында қатты жаңбыр жауады, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.