Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр
Іздеуде жүрген шетелдік азамат Шымкентте қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам мемлекетаралық іздеуге шамамен алты ай бұрын жарияланған.
«Оған қатысты көрші елде интернетті пайдалана отырып, діни экстремизм идеялары бар материалдарды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде», - делінген хабарламада.
Ұсталған адам қамауда, оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.