Тоқаев Алжир халқын құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Алжирде ұлттық мереке – Революция күні тойланып жатыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун  мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.

«Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады», - делінген хабарламада.