Әділет министрлігінің ресми өкілі бұл сұраққа нүкте қойды
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли құжатта фамилияға «тегі» сөзін қосу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Әділет министрлігінің атына журналистерден сұрақтар жиі келіп тұрады.
«Бұл норма «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексімен реттеледі. Әділет министрлігі ФИО3 хаттарына Енгізілген өзгерістер саны бойынша статистика жүргізбейді. Сондай-ақ, «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» сөздерімен аяқталуына жол берілмейді», - деді Талғат Уәли Әділет министрлігінде өткен брифингте.