Испанияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Валенсиядағы апатты су тасқыны 70 адамның өмірін қиды

Фото: depositphotos.com

Испания үкіметі 2024 жылдың су тасқынынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерге көңіл айту үшін 31 қазан, 1 және 2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

La Moncloa басылымының жазуынша, корольдің жарлығы бүгін, 31 қазанда ресми мемлекеттік газетте жарияланады.

«Үш күндік ресми аза тұту кезінде мемлекеттік ту барлық мемлекеттік ғимараттарда, соның ішінде шетелдегі өкілдіктер мен миссияларда төмендетіледі», – делінген басылымда.

Айта кетейік, Валенсиядағы апатты су тасқыны 70 адамның өмірін қиды. Тағы екі адам Кастилия-Ла-Манчтағы су тасқынынан көз жұмды.

 Жауын-шашынның салдарынан ондаған мың тұрғын электр қуатынсыз қалды.

29 қазанда басталған жауын-шашын бүгін де тоқтамауы мүмкін.

Апаттан зардап шеккен аумақтар апат аймақтары деп жарияланады.