Сату мен сатып алу құны белгіленді
Қазақстанда 29 қазан күнгі сауда-саттықтағы доллардың бағамы белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,70 теңгені құрап, 3,39 теңгеге өсті. Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 487,81 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 490,46 теңгеге белгіленді, сату – 492,87 теңге. Астанада АҚШ валютасын орта есеппен 488,16 теңгеден сатып алады, ал 493,16 теңгеден сатады.