Қаржы пирамидалары қазақстандықтарға 20 млрд теңге шығын келтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл тек осы жылдың ғана статистикасы

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2024 жылдың өзінде қаржы пирамидаларынан 20 млрд теңгеге жуық шығын келді. Бүгінге дейін 13 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

«Қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттауға жолданды.

«WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» бойынша 300-ге жуық чат бұғатталды. Осылайша, 2 млн-нан астам әлеуетті салымшының қаржылық шығындарының алдын алды.  

«Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері «Qnet», «World Business Consulting», «Finiko» «Antares»/«Antares Trade», «Sincere Systems Group»/«S-Group», «Hermes LTD», «Life is good», «Chia Tai Tianding»/«Chia Tai Pharmaceutical» «Energy Eolus Oazqstan»/«Eolus» сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды», - делінген ҚМА хабарламасында.