Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Түркістанда 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, күдіктілерге бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін 2009 жылдан бері өз елдерінде іздеу жарияланған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады. Барлық жағдайлар анықталуда» - делінген хабарламада.