Қазақстандағы пойыздардың 44 пайызы тозған
«Астана-Семей» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының небәрі үш вагоны ғана жаңартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.
«Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т.б. жабдықталған.
Осы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін көлік министрі Марат Қарабаев тозған 44 пайыз пойызды жаңарту үшін мың вагон да жетпейтінін айтқан болатын.