Бүгінге дейін елімізде вирус жұқтырған 2500 адам ауруынан айыққан
Қазақстанда тағы 27 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Әр аймақ бойынша емделіп шыққандар саны төмендегідей:
Алматы қаласы - 4,
Шымкент қаласы - 5,
Павлодар облысы - 5,
Қызылорда облысы - 5,
Шығыс Қазақстан облысы - 1,
Маңғыстау облысы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 3.
Жалпы еліміз бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны - 2558.