Учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды
Кентауда екі рет тұрғындарды құтқарып қалған тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.
Айта кетейік, полицей екі рет тұрғындарды құтқарып қалған.
Пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарды.
Сонымен қатар, 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап қалды.