Зардап шеккендер жоқ
Ақтау қаласының 18А ықшамауданында орналасқан SansaraSpa СПА-салонынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Лада» басылымына сілтеме жасап.
«Өрт «Гармония» атты бөлмеде тұтанған. Кейбір тұрмыстық заттар жанып кеткен. Жалын 15 шаршы метр аумақты қамтыды, ал салонның жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Басқа бөлмелер толығымен түтінге оранған», — деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.