ШҚО-да адам мәйітінің макетін іліп қойған кәсіпкер жазаланды

Azattyq Rýhy

Ол Хэллоуин мерекесінде алаңды креативті безендірмек болған

ШҚО-да адам мәйітінің макетін іліп қойған кәсіпкер жазаланды
Фото: instagram / v_krg

Өскемен қаласындағы  мейрамханалардың бірінің иесі Хэллоуин мерекесіне арналған креативті безендіру әрекеті үшін айыппұл төлеуге міндеттелді. Олар ағашқа адам мәйітінің макетін іліп қойған, бірақ тәртіп сақшылары бұл безендіру тәсілін тым шынайы және қорқынышты деп санап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы кәсіпкерге қала мен елді мекендер аумағын көркейту ережелерін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде (110 760 теңге) айыппұл салынған.

Мейрамхана әкімшісінің айтуынша, қорқынышты макет Хэллоуин мерекесіне арналған кешке назар аударту үшін қолданылған. Олар макетті түнде іліп, таңертең қосымша безендіруді жоспарлаған. Алайда, қала тұрғындары таңғы уақытта бұл көріністі байқап, полицияға шағымданған. Макет небәрі бірнеше сағат тұрып, таңғы сағат 8-де алынып тасталды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.