Алматы облысында тауға шығып, адасып кеткен жасөспірімдер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

17 жастағы екі жасөспірім жолды дұрыс білмеген

Фото: t.me/qr_tjm

Алматы облысында Фурманов шыңына бағыт алған  17 жастағы екі жасөспірім жолды дұрыс білмегендіктен, тау соқпағынан ауытқып, адасып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер 3 050 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңына шығуды жоспарлаған. Алайда, маршрутты білмегендіктен, олар жолдан шығып кеткен.

Адасқанын түсінген соң, 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласының құтқару қызметі жүргізіп, жасөспірімдерді «Панорама» шыңындағы құтқару үйшігінен тапқан. Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, ата-аналарына тапсырды», — деп жазылған хабарламада.