Оралда пәтері жоқ дәрігер әкімдікті сотқа берді

Azattyq Rýhy

Ол 33 жылдан астам уақыт дәрігер болып жұмыс істеген

Оралда пәтері жоқ дәрігер әкімдікті сотқа берді
Фото: © istockphoto.com

Орал қаласының тұрғыны әкімдікті тұрғын үй берудегі әрекетсіздігі үшін сотқа берді. Ол әкімдік әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруін талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Сот барысында әйелдің 33 жылдан астам уақыт дәрігер болып жұмыс істеп келе жатқаны және  баспанасы жоқ екені анықталды. Соңғы 15 жыл бойы ол жалға алынған пәтерде тұрған, бірақ жалға алу мерзімі аяқталуға жақынқалған. Бұған дейін тұрғын үй комиссиясының шешімімен дәрігерге мемлекеттік қордан қызметтік пәтер бөлінген. Алайда, бұл шешім әлі күнге дейін орындалмаған.

Сот отырысы барысында тараптар келісімге келіп, әкімдік әйелге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бір немесе екі бөлмелі пәтер беруге міндеттелді. Егер бұл шешім орындалмаса, сот әкімдікке 50 АЕК немесе 184 600 теңге көлемінде айыппұл салуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.