Қарағанды облысында өрт шыққан үйден алты адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс өртенген

Фото: © istockphoto.com

Қарағанды облысының Приозерск қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс өртеніп, оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде баспалдақ арқылы алты адам, оның ішінде үш бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт кішігірім аумақта жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер  жоқ», — делінген хабарламада.