27.10.2024, 00:30
Жаңалықтар
«Бізді ойыншық қылдыңдар ғой»: Мақпал Жүнісова жалған ақпарат таратушыларға үндеу жолдады
Әнші бейнеүндеу барысында өзінің күйеуге шықпағанын айтты
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Мақпал Жүнісова өзінің күйеуге шыққаны туралы желіде жалған ақпарат таратқандарды жазалауға ниетті. Әнші Instagram-дағы парақшасында жалған ақпарат таратушыларға бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мені күйеуге шықты деп салып жатыр екенсіңдер ғой. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой әбден. Ойларыңа келгендеріңді саласыңдар. Бұлай жалғастыра беретін болсаңдар, адам жалдап тұрып, соттатып, бәрін алып кетемін. Ешқандай да күйеуге шыққан жоқпын. Мені гүлмен қарсы алған концерттің режиссері еді», - деді әнші.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова күйеуге шықты деген жалған ақпарат Тік Ток желісінде тараған.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 12:47
Маңғыстау облысында жүздеген еркекке әйел адам жасалатын қымбат ота түрлері рәсімделген