Ол құжаттары болмаса да, Ақтөбеден Қызылордаға жолаушы тасымалдаған
Ақтөбе облысындаекі айда 51 рет жол ережесін бұзған қалааралық такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері Самара-Шымкент автожолында 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатқан.
«Тексеру барысында жүргізушінің екі айдың ішінде шамамен 1 миллион теңге соммаға 51 рет жылдамдық режимін асырғаны анықталды. Жүргізуші тиісті құжаттары жоқтығына қарамай, жолаушыларды Ақтөбеден Қызылордаға тасымалдаумен айналысқан», - делінген хабарламада.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.