Жетісу облысында 3,6 балдық жер сілкінісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында, Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 км қашықтықта, 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 2024 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен 11:24-те болған. Орталықтың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,3-ке тең, ал магнитудасы mb шкаласы бойынша 3,6 баллды құраған.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.