Тоқаев Баян Алагөзоваға алғыс білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы Алагөзова Instagram парақшасында бөлісіп, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін алған алғыс хаттың фотосын жариялады.

«Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қостыңыз», – делінген алғыс хатта.

Президент продюсерге зор денсаулық, отбасына амандық және жұмысына табыс тіледі.

Бұған дейін Баян Алагөзова 12 жасында пәтер жөндегенін еске алған еді.