«Тағы да сәбилі болуым мүмкін»: Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріндегі құпиясын ашты

Автор: Azattyq Rýhy

Жанар Айжанова қызының кез келген шешімін құптайтынын жеткізді

Видеодан алынған кадр

Инстаблогер Айжұлдыз Адайбекова жақында ғана туған күнін атап өтіп, журналистерге жеке өміріндегі жаңалықтарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Айжұлдыз отандық мобилограф Сәкен Қағаровпен көңіл жарастырып, кездесіп жүргенін айтқан болатын. Бүгінде жас жұп бірге тұрып жатқандарын жасырмады.

«Мүмкін тағы бөпелі боламын. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Қазіргі кезде сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын», - деді ол.

Сондай-ақ Айжұлдыз Адайбекованың анасы Жанар Айжанова қызының кез келген шешімін құптайтынын жеткізді.