Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордалық Триатлон саябағында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам келді. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін 2500 отшашу ұшырылды. Ұзындығы 150 метрді құрады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.

Сонымен қатар мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және т.б. тұлғалар марапатталды.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.