Астанада өртеніп жатқан пәтерден 6 жасар бала құрқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың анасы сол уақытта дүкенге шығып кеткен

Фото: © istockphoto.com

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 жасар бала құтқарылды. Көршілер құлыптаулы есікті бұзып, баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі 112 пультіне Астананың Кравцов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны және онда бала бар екені туралы хабар түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына барған құтқарушылар көршілердің құлыпталған есікті ашып, 2018 жылы туған баланы сыртқа шығарғанын анықтады. Өрт сөндірушілер өртті жылдам сөндірді.

Министрлік баланың зардап шекпегенін және өрттің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, баланың анасы сол уақытта дүкенге шығып кеткен.