Қазақстаннан Камбоджаға тікелей әуе рейстері ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Алғашқы рейс 24 қазанда ұшты

Фото: © istockphoto.com / Tarzan9280

Қазақстаннан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне тікелей әуе рейстері іске қосылды, Azattyq Rýhy ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін ашады.

«24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, ал Алматыдан 29 қазанда ұшады деп жоспарланған. Туристерге қолайлы болу үшін рейстер Boeing-757/737 MAX ұшақтарымен чартерлік негізде орындалады», – делінген хабарламада.