Сент-Экзюпери бұл ерекше дананы Нью-Йорк қаласында жасаған
Антуан де Сент-Экзюперидің атақты «Кішкентай ханзада» шығармасының сирек кездесетін көшірмесі, автордың өзі теріп, иллюстрацияларымен безендірген нұсқасы, сатылымға қойылды. Кітаптың бағасы 1,25 миллион долларды құрайды және ол қарашада Әбу-Дабиде өтетін Халықаралық мәдениет және өнер фестивалінде сатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Сент-Экзюпери бұл ерекше дананы Франция әскерлерінің фашистермен шайқаста жеңілгеннен кейін Нью-Йорк қаласында жасаған.
«Машинада терілген қолжазбаны алу өте сирек кездесетін жағдай», – дейді кітапты сатушы Peter Harrington Rare Books компаниясының өкілі Сэмми Джей.
Бұл манускрипт қазіргі таңда Нью-Йоркте сақтаулы.