Шымкентте 11 жыл халықаралық іздеуде болған шетелдік ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол кеден заңнамасын бұзып, пара алғаны үшін айыпталған

Фото: Шымкент ПД

Шымкентте 11 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қалалық ПД-ның мәліметінше, экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.

«Ер адамды көрші елдің құқық қорғау органдары кедендік заңнаманы бұзғаны және пара алғаны үшін халықаралық іздеуге берген. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Оны экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.