Маңғыстау облысында прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды

Фото: depositphotos.com

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

«Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар  тұрғын үй кезегіне енгізілді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.