Президент БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда Қазақстан Президенті БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысады.
Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.