Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Автор: Azattyq Rýhy

Концерт «Астана Опера» театрында өтті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.