Ақтау әуежайына қатысты тергеу жүріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жауапты департамент мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/aktau_airport_official

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бағаны көтерді деген күдікпен Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Алдын ала нәтижелер бойынша әуежай қызметін пайдаланатын тұрғындардан ақшалай қаражат алу жолымен үстеме пайда алу әрекеттері байқалды», - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар расталған жағдайда концессиялық шартты бұзу немесе оның талаптарын өзгерту туралы нұсқама берілетіні атап өтіледі.