Олардың алтауы - балалар
Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖД басқармасының мәліметінше, үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің ішінде және балконда үй заттары, жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген.
«Жалын төртінші және бесінші қабаттардағы бір бөлмелі пәтерлердің балкондарын да шарпыды. №3 өрт бөлімінің қызметкерлері өртті он бес минут ішінде толықтай сөндірді. Газдан қорғау қызметінің мамандары өрт шыққан подъезден отыз екі адамды эвакуациялады. Оның ішінде алтауы – бала», - деп жазады басылым.
Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишановтың айтуынша, өрт тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы салдарынан туындаған. Өрттің жалпы аумағы 19 шаршы метрді құрады. Қазіргі кезде өрт салдарынан келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.