Ұлытау облысы бензин тапшылығына ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысының әкімдігі өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде жеткізудің кешігуіне байланысты орын алған тапшылық жөнінде төмендегідей ақпаратты хабарлаймыз. Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, ал келесі күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп күтілуде.», - делінген хабарламада.

Қабылданған шараларға сәйкес, 23 қазанда жанар-жағармай сатудағы жағдай тұрақталады, бекеттердегі қолданыстағы шектеулер алынып тасталады, деп сендірді облыстық әкімдік.