Қытайлық электронды сауда желісі Қазақстанға тауар тасымалдауын уақытша тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Сервисті Қазақстан тұрғындарының 12,4%-ы қолданады

Фото: freepik.com / pressfoto

«Қазпошта» АҚ Pinduoduo желісі Қазақстанға тауар тасымалдауды тоқтатқанын хабарлады.  19 қазаннан бастап тапсырыс беру қиындады. Қолданбаның қашан іске қосылатыны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Курсив сайтына сілтеме жасап.

«Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімін атай алмаймыз», – деп хабарлады «Қазпошта».

Pinduoduo – Қытайдың электронды коммерция платформасы. Плафторма азық-түлік, тұрмыстық техника және тағы басқа тауарды тұтынушыларға арзан бағаға сатады. Маректплейс тікелей өндірушілерден сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

Pinduoduo қосымшасын қазақстандықтар кеңінен тұтынады. Freedom Finance Global зерттеуі бойынша маркетплейс сауалнама бойынша 4,6 балл алған. Осы сервисті Қазақстан тұрғындарының 12,4%-ы қолданады.