Мэй Маск Алматы қаласына сапары туралы жазды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Алматыда өткен BeWomen форумының басты спикері болған еді

Фото: @mayemusk

Әлемге әйгілі өнертапқыш Илон Масктың анасы, атақты модель Мэй Маск Алматыға сапары жайлы әсерін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

76 жастағы Мэй Маск Алматыда өткен BeWomen форумының басты спикері болған еді. Ол қазақстандық әйелдерге құндылықтарын айтып, кеңестерін айтқан.

«BeWomen форумында сахнада көңілді уақыт өткіздім. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым, сондай-ақ, әдемі қолөнермен жасалған пальто киіп, қызық оқиғаларға, сұлулыққа және табысқа толы кеңестерімді бердім», – деп жазды Мэй Маск өзінің Instagram парақшасында.