$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде егеуқұйрық қаптап кеткен

Олар жұқпалы аурулар тарататындықтан, тұрғындар алаңдаулы екенін жеткізді 

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде егеуқұйрық қаптап кеткен
Фото: © istockphoto.com

Ақтаудағы №18 үйдің тұрғындары егеуқұйрықтардың пәтерлерге еніп, үлкен қолайсыздық туғызғанын мәлімдеді. Тұрғындар зиянкестерден құтылуға шара қолдануды талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, бір түнде бірнеше пәтерге егеуқұйрықтар кірген. Олар қызмет көрсетуші «Светлана» коммуналдық ұйымына хабарласқанымен, мекеменің демалыс күніне байланысты байланыс орната алмаған.

«Бұл егеуқұйрықтар жұқпалы ауруларды, соның ішінде холера мен обаны таратады. Алда екі күн демаламыз. Өзіміз бен балаларымыздың өміріне алаңдап отырмыз. Дезинфекция шараларын шұғыл түрде жүргізу қажет. Біз бұл мәселемен өз бетімізше күресе алмаймыз», – дейді тұрғындардың бірі Гүлназ.

«Светлана» коммуналдық қызметі өкілдері 19 қазанда демалыс болғанын растады және дүйсенбі күні жертөлелерді тексеріп, тиісті шара қолданатындарын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары