Кей аймақта үсік жүруі ықтимал
Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын мәлімдеп, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республиканың басым бөлігінде тұманды ауа райы күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 20 қазан түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 20 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 20 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, облыстың орталығында үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 20 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 20 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Абай облысы
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.