Уақытша шектеу LRT құрылысымен байланысты
LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Сығанақ көшесімен қиылысында Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана әкімдігінің ресми сайтына жасап.
112-113 аралықта LRT құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарлануда.
Осыған байланысты 20 қазан күні сағат 23:00-ден 21 қазан күні сағат 06:00-ге дейін Сығанақ көшесінің қиылысындағы Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі.