Өнім иесіне әкімшілік айыппұл салынды
Алматы қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторы хризантема көшеттерінде карантиндік бақылау жүргізу барысында зиянды өсімдік ауруы анықталды. 159 400 дана гүл Нидерландыдан әкелінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР АШМ хабарлауынша, инспекция барысында алынған үлгілер арнайы зертханаға жіберілді, нәтижесінде хризантемалардың қауіпті карантиндік ауруға шалдыққаны расталды.
Өнім иесіне әкімшілік айыппұл салынды, ал көшеттер карантиндік талаптарды сақтау мақсатында Нидерландыға кері қайтарылды.