Кей өңірде үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК мамандарынан бүгінге, 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады.
Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі.
Түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, үсік жүреді.