$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы жемқорлық: 500 млн теңге жымқырылған

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы жемқорлық: 500 млн теңге жымқырылған
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласына тексеру жүргізіліп, мемлекетке 500 миллион теңге шығын келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіліп жатпағаны белгілі болды.

Өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

«Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады. Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады. Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған.

Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылуда, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары