Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі жауап берді
Елдегі доллар бағамының өсуіне байланысты Қазақстанда пәтерлер қымбаттай ма? Өйткені, құрылыс материалдарының едәуір көлемі республикаға сырттан әкелінеді. БАҚ өкілдерінің бұл сұрағына Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз «Отбасы банкімен» бірлесіп нарықтағы бағаны талдаймыз: бүгінгі күні аса жоғары баға байқалмайды. ( ... ) Болашақта? Көрерміз. ( ... ) Болжам? Айту өте қиын. Бұл нарықтық көрсеткіш, оның ішінде сұраныс пен болжамға байланысты», – деді Қуандық Қажкенов Сенат аясында өткен баспасөз брифингінде.