17.10.2024, 14:41
Жаңалықтар
Желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың бата берген видеосы тарады
Боксшы сүндет тойға қонақ ретінде шақырылған
Фото: Видеодан скрин
Желіде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосыновтың тойлардың бірінде бүлдіршінге бата берген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметке сүйенсек, боксшы сүндет тойға қонақ ретінде шақырылып, той иесінің баласына бата берген.
Айта кетерлігі, Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Сәкен Бибосынов жуырда Шымкентте өткен турнирде шаршы алаңға шыққан. Финалға дейін жеткенмен жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмады.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді