Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Түркістан облысының тұрғындары қаржы пирамидасына 400 млн теңгеге жуық ақша салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды.
«Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023ж.ж. Төлеби ауданы аумағында орыналған «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатыстылығы анықталды.
Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы – 391,7 млн теңгематериалдық залал келтірілген», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.