Алматы облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Істі тергеу облыстық полиция басшылығының бақылауында
Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны бір апта бұрын жоғалып кеткен. Кеше оның денесі Шалқар ауылының шетінде зорлық-зомбылық өлім белгілерімен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұм 10 қазанда жоғалып кеткен. Туыстары полицейлердің көмегіне бірнеше күннен кейін ғана жүгінген. Тәртіп сақшыларының іздеуінің нәтижесінде 16 қазан күні Қарасай ауданы Шалқар ауылының шетінде зорлықпен өлім белгілері бар 26 жастағы жігіттің денесін тапты.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 22 жастағы күдіктіні көп ұзамай ұстап, қамауға алды», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасуда. Істі тергеу облыстық полиция басшылығының бақылауында.