Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаумен және сатумен айналысқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.