«50 млн теңге кетті»: Абай Бегейдің қызының жасауына қанша жұмсалғаны айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішіне сыйға берілген көлік те кіреді

Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбаттың жасауына қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды. Бұл сауалға Сымбаттың жеңгесі Бадинұр Аңсат жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Абай Бегей сыйлаған көліктен бөлек, шамамен 40 млн теңгедей қаржы жұмсалған.

«Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар. Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын», - деп жазды Сымбаттың жеңгесі.

Ал Сымбаттың қалыңмалына құдалары 3 млн теңге берген.